ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы № 523 2026 жылғы 5 ақпан
Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №4358қаулысының 1-тармағының 9) тармақшасынамынадай өзгерістер енгізілсін:
мына:
«9) Мирзарахим Мирзакаримович Нуртаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №305 жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0708 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-496) жер учаскесінің 0,0285 га бөлігі»;
деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«9) Мирзарахим Мирзакаримович Нуртаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №305 жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0708 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-496) жер учаскесі;».
- «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
- 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Исабековке жүктелсін.
Қала әкімі Б.ОРЫНБЕКОВ