ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы №2336 17 қыркүйек 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының міндетін атқарушысы Е.Кеңесбековтің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №1036 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, сквер, автотұрақ және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Жулдыз Алиаскаровна Куандыкованың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, «Мыңбұлақ» шағынауданы, №3 жайда орналасқан уақытша сауда павильоны үшін, көлемі 0,0300 га (кадастрлық нөмірі 06-097-030-1236) жер учаскесімен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: «Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны 43-54-77» деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2027 жылдың 17 қыркүйегіне дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Исабековке жүктелсін.
Қала әкімі Б.Орынбеков