Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ

Тараз қаласы                                                           №4452                                                           22 қараша 2023 жыл

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарын,«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 4 тамыздағы №1684 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Абай даңғылы арқылы өтпелі көпірдің және жаяу жүргіншілер өткелі құрылыстарын жүргізу және инженерлік желілерін жүргізу үшін төмендегі жер иеленушілердің жер учаскелерімен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
1) Рамазан Шамсудинович Джамаловтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №269 үй, №2 пәтерде тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0504 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-441) жер учаскесінің 0,0095 га бөлігі;
2) Рамазан Шамсудинович Джамаловтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №269 «А» жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0562 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-442) жер учаскесінің 0,0111 га бөлігі;
3) Тимур СекеновичОспановтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №271 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,1262 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-193) жер учаскесінің 0,0243 га бөлігі;
4) Мухтар Абдралиевич Шимбергеновтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №275 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0719 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-443) жер учаскесі;
5) Мухтар Абдралиевич Шимбергеновтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №275 «Б» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0040 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-606) жер учаскесі;
6) Лазат Сейсенбаевна Рапилбекованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №287 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0873 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-457) жер учаскесінің 0,0304 га бөлігі;
7) Асимбек Оразтаевич Сагаловтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №289 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0609 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-231) жер учаскесінің 0,0285 га бөлігі;
8) Ольга Денисовна Смирнованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №301 жайдатұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0712 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-438) жер учаскесі;
9) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұрақты жер пайдалану құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №216 жайдағы №15 мектеп-гимназиясы үшін, көлемі 1,6564 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-249) жер учаскесінің 0,0270 га бөлігі;
10) «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №216 «А» жайда газ шығының өлшеу пункті үшін, көлемі 0,0479 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-295) жер учаскесінің 0,0093 га бөлігі;
11) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Жамбыл облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің тұрақты жер пайдалану құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы №278 «А» жайдағы әкімшілік ғимараты үшін, көлемі 0,6520 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-286) жер учаскесінің 0,0552 га бөлігі;
12) Наталья Равильевна Грекованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №234 «А» жайдағы дүкенге қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0143 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1164) жер учаскесі;
13) Наталья Равильевна Грекованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №234 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0912 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-121) жер учаскесінің 0,0043 га бөлігі;
14) Маулюддин Рахматулаевич Ашировтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №242 «А» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0261 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-1213) жер учаскесі;
15) Холмат Шахбасович Закировтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №244 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету және дүкен үшін, жалпы көлемі 0,0999 га, оның ішінде дүкен үшін, көлемі 0,0055 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-010) жер учаскесі;
16) Арапат Адиловна Бекназарованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №256 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0686 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-176) жер учаскесі;
17) Алексей Николаевич Тимофеевтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №270 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,1342 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-541) жер учаскесі;
18) Светлана Васильевна Кругликованың жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №276 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 0,0694 га, оның ішінде үлесі 0,0305 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-264) жер учаскесі;
19) Райхан Ермаганбетовна Абуованың жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №276 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 0,0694 га, оның ішінде үлесі 0,0389 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-264) жер учаскесі;
20) Тарверди Муштаба оглы Тахировтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №226 «Б» жайдағы дүкен үшін, көлемі 0,0275 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1279) жер учаскесі;
21) Тарверди Муштаба оглы Тахировтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Майқы би көшесі, №52 жайдағы жазғы алаңшасымен кафе үшін, көлемі 0,1011 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1280) жер учаскесінің 0,0149 га бөлігі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 – деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Алтаев) меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2025 жылдың 22 қарашасына дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаилге жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                                                      Б.Орынбеков

Comments (0)
Add Comment