Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48-бабының 6 тармағына сәйкес, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сату бойынша аукцион Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық түрде өткізілуде.
2023 жылдың жоспары бойынша 6 аукцион өткізілу жоспарланған. Бүгінгі күнге 7 аукцион өткізілді.
Нәтижесінде көлемі 8,0711 гектар құрайтын 11 жер телімі 119 081 186 теңгеге сатылып, қаражат жергілікті бюджетке түсті.
Темірхан Айменов,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы