Жер мәселесі жеңіл-желпі қаралмайды

Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 116 818 азамат тіркелген. Оның ішінде 2005 жылы 1 185 азамат есепке тұрса, 2006 жылы 11 509 азамат өтініш білдірген. Жер беру мәселесін реттеу мақсатында 2022 жылдың наурыз айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арнайы кезек Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры жүйесіне енгізілген еді. Аталған жүйеде 2005-2009 жылдар аралығында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтері толық емес. Осыған байланысты 2023 жылдың ақпан айынан бастап жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін өзектендіру жұмыстары жүргізілуде, халықты хабардар ету мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына, Тараз қаласының ресми сайтына, Бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына хабарландырулар берілген.

Нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін кезекте тұрған азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша – 5891 азамат келіп, оның шінде 4600 азаматтардың мәліметтері өзектендіріліп жүйеге енгізілген. Жұмыстар ары қарай жалғастырылуда.

«Құмшағал» тұрғын алқабынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары жалғасын табуда. Жыл басынан бастап кезекте тұрған 130 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері берілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10,11-баптарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 35 азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жер учаскесі берілген.

Қазіргі таңда Асқаров көшесінің соңында көлемі 19,8 гектар 9 жер учаскесі, Қарасай алқабында 19,6 гектар 4 жер учаскесі, Хамукат алқабында 9,9 гектар 3 жеке және көлемі 80,1 га 1 мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылға жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен қайтару жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 386,6 млн теңге қаражат қарастырылған.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жер учаскелерін тәуелсіз бағалаушымен бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment