Жемісті жоба биыл да жалғасуда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да өз жалғасын табуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба аясында биыл 15 үй салу жоспарлануда. Баспаналардың барлығына инфрақұрылым жүйелері тартылып, бар жағдай жасалатын болады. Үйлердің барлығы демеушілердің көмегімен тұрғызылуда. Баспаналардың барлығы дерлік бір тииптес, 3 бөлмеден тұрады.
Қазан айының 15-не дейін үйлер пайдалануға берілмек.

 

Comments (0)
Add Comment