Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

Жемқорлық – қазіргі қоғамның ең қауіпті әрі деструктивті құбылыстарының бірі. Ол азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретіп, бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеп, халықаралық имиджіне кері әсерін тигізеді. Бұған қоса жемқорлық тәуекелдері елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, маңызды реформалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді және экономиканың тұрақты өсу мүмкіндіктерін шектейді.

Осыған байланысты Тараз қаласында жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қала әкімдігі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, цифрлық сервистерді кеңінен енгізуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және қоғамдық бақылау тетіктерін дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жемқорлыққа қарсы күрестің табысты болуы әрбір азаматтың белсенді қатысуына тікелей байланысты екенін түсіну маңызды. Тек билік, қоғам, бизнес және барлық бейжай қарамайтын тұрғындардың бірлескен күші арқылы ғана заң үстемдігі басым, адал еңбек қадірленетін әділ, қауіпсіз және ашық орта қалыптастыруға болады.

Осы ретте Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарын азаматтық жауапкершілік танытып, жемқорлық фактілері туралы хабарлауға, заңсыз схемаларға қатыспауға және ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға шақырамыз!

Егер сіздер жемқорлық жағдайына ұшырасаңыздар немесе сыбайластық фактілері жөнінде, оның ішінде жасалған не дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпаратқа ие болсаңыз, Жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 нөміріне хабарласа аласыздар!

 

Бақытжан Орынбеков,

Тараз қаласының әкімі

Comments (0)
Add Comment