Желтоқсан Тәуелсіздік ұлы рухы ерлік сағаты өтті

Д. А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасның оқырмандарына Отанын қастерлеу, өз елінің патриоты болуға баулу мақсатында «Желтоқсан – Тәуелсіздік ұлы рухы» ерлік  сағаты өтті.

Әнұранмен бастау алатын шарада «Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?» , «Тәуелсіздік мерекесі қай күн?» , «Желтоқсан батырларын білесің бе?» деген сұрақтарды қою арқылы бүлдіршіндердің пікірі тыңдалып, сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет берілді.

Желтоқсан батырларының ерліктері, қайсарлықтары туралы айтылып, «Желтоқсан құрбандарын» еске алу арқылы қойылым көрсетілді, ерлік сағаты соңында оқырмандар 1 минуттық үнсіздікпен Тәуелсіздік құрбандарын еске алды.

Оқырмандар арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Comments (0)
Add Comment