Желтоқсан көшесіндегі қарбалас

Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүруде. Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі толық дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселді. Сондай-ақ жол жиегіне бордюрлер орнатылды.

Енді бірер күнде асфальт жабындысының 1-қабаты (КЗ) салынғаннан кейін 2-қабаты (ЩМА) төселетін болады.
Ұзындығы жарты шақырымды құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарының мерзімі – 90 күн. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеден озып жүргізуде.

Сәтін салса, Желтоқсан көшесіндегі жол құрылысы осы айдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Comments (0)
Add Comment