Жел, көктайғақ, бұрқасын: 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады. Түнде шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклонның екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұмам түседі. Батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын болады», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment