Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ауа-райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.
Облыс әкімінің орынбасарлары Ерболат Ибрайханов Талас ауданына, Қанатбек Мәдібек Сарысу ауданына барып жағдаймен танысып, жұмыс тобымен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру, шығындар көлемін анықтау шараларын жүргізуде.