Жедел-профилактикалық шара өтті

2021 жылдың 15 наурызынан бастап 17 наурыз аралығында Тараз ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында «Қадағалаусыздық жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл көлік прокуратурасының, «Nur Otan» ХДП, білім беру орындарының және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнегін сындыру фактілерінің алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау және жолын кесу, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу, сондай-ақ оларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін таныстырып, түсіндіру болып табылады.
Лаура КӨПБАЕВА,
Тараз ст. ЖПБ ҰАЖТ аға инспекторы,
полиция майоры

Comments (0)
Add Comment