Жазда жоғалған теміртаулық 37 жастағы тұрғын өлі табылды

Қарағанды облысында биыл шілденің басында хабар-ошарсыз кеткен Теміртау тұрғынының денесі табылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасы 37 жастағы ұлының жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы үйден кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамды іздеуге полиция мен еріктілер қатысты. Оның мәйіті үш айғат созылған іздеу жұмыстарынан кейін қала сыртындағы даладан табылды.

Полиция денеде зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтаған жоқ. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Далада ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтайтын сараптама тағайындалды», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Comments (0)
Add Comment