Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жаза өтеушілер полиция қызметкерлеріне жаңа үлгідегі нысанды киім тігуде,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасының талаптарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті РМК «Еңбек-Тараз» филиалымен бірлесіп 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі таңда аумақтық полиция Департаменттерінің қызметкерлері үшін жаңа үлгідегі нысанды киім-кешек тігу жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар 2022 жылдан бастап ҚАЖ қызметкерлеріне де нысанды киім тігілуде.
Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар қызметкерлерге арналған жаңа нысанды киім тігуде.