Тараз қаласы прокуратурасында «Жұмыспен қамту» орталығының мамандары дөңгелек үстел өткізді.
Басқосу қала прокурорының орынбасары Сержан Абдикуловтың төрағалығымен өтті.
Жиынға прокуратура қызметкерлері Қ.Есілбаев пен Г.Абилхаирова, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС басшысы А.Абишев, Тараз қалалық №1, 2, 3 пробация қызметі басшылары, қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты – бұрын сотталған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қайта жаза баспауына ықпал ету және қылмыстың алдын алу.
Осы мақсатта жиналыста аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.