Қазіргі таңда кейбір ғалымдарды және мұсылмандардың кейбірін адасқанға шығарып жүрген бірбеткей топтарды кездестіруге болады. Олар Ислам әлемі мойындаған кейбір ғалымдар мен олардың еңбектерін де қатеге шығарып жүр. Сондай еңбектердің ішінде имам Мұхаммед ибн Сағид Санхаджа Бусайридің (Алла оны рақымына алсын) еңбегі «Қасида Бурда» да бар. Сәләфилік бағыттағы топтардың өкілдері бұл кітапты оқуға болмайтындығын және іші ширк пен күпірлікке толы екенін айтады. Олар «Қасида Бурдадағы» мына жолдарды ширк деп есептейді:
حَُدْنِعَكاَوِس *** هِبُذوُلَأْنَميِلاَمِقْلَخْلاَمَرْكَأاَي مَمَعْلاِثِداَحْلاِلوُل
Уа, жаратылыстардың ең ардақтысы! Бәрін тегіс қамтитын (қиямет) күні сенен басқа кімге арқа сүйеймін?
Бұл жолды уахабилердің шейхтары Фаузан былайша түсіндіреді: «Тек саған сүйенемін» дегені «сенен ғана көмек сұраймын, қалғандары маған көмек бере алмайды» дегенді білдіреді. Ал Аллаһты қайда қоямыз сонда? Тек Аллаһтан ғана сұрау керек емес пе? Пайғамбардан жәрдем сұрау ширк. Өлген адамнан еш нәрсе сұрай алмаймыз. Сондықтан бұл жолдарда ширк айтылған» .
Енді бұл жолдарға түсіндірме жазған ғалымдарымыздың айтқан сөздерімен танысып шығайық:
Имам Баджури (Алла оны рақымына алсын) «Қасида Бурдаға жазған түсіндірмесінде» былай дейді: «Яғни барлығын қамтитын, барлығына келіп жететін қиямет күні сенен басқа ешкімге көмек сұрап жүгіне алмаймын» дегені», – дейді. Өйткені қиямет күні барлық адамдар тіпті Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) өздері «менің жаным, өз жаным амандықта болса екен» деп тілейді. Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Үмметім, Үмметім», – деумен болады. Имам Бұхаримен Муслим жеткізген хадисте барлық жаратылыс қиямет күні Алладан қиямет күнінің есебінің басталуын тілеп, сұрап берулерін өтініп, Пайғамбарларға (оларға Алланың сәлемі болсын) баратыны айтылған. Бірақ Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) барлығы қорқыныштан басқа пайғамбарларға баруды нұсқайды. Осылайша барлығы біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) шапағатын алу үшін келеді. Бұл хадисті Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзі былай айтып тұр: «Барлықтарың маған келіп сұрайсындар». Мұнда Алладан сұрамай Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келетін себебі ол күні күнәлары себепті Алладан тікелей сұрауға ешкімнің батылы бармайды екен. Біздің ақида(сенім) бойынша Алладан басқа біреуден бір нәрсе сұраған кезде біз оның өзін жаратушы деп есептемейміз. Тек сыртқы себепші деп қана қабылдаймыз. Шын мәнінде, барлығын беруші ол Алла Тағала екенін жақсы білеміз. Сол үшін де егер біреуден бір затты беруін сұрасақ бұл ширк болмайды.
مَِلَقْلاَوِحوَّللاَمْلِعَكِموُلُعْنِمَو
«Және де Тақта мен Қалам ілімі – Сенің іліміңнен бірі»
Уахабилер бұл жолды былай түсіндіреді: «Ләухул Махфузда (тақтада) барлығы жазылған. Ал Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл нәрсені білуі мүмкін емес. Барлық нәрсені білуші Аллаһ қана. Сондықтан да бұл жерде асыра сілтеу бар», – дейді.
Біз бұған былай деп жауап береміз: «Автордың бұл жердегі айтқысы келгені ол: Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ілімін Алланың ілімімен тең дәрежеде деп тұрған жоқ. Бар айтқысы келгені тек мынау: «Алла Тағала Пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ләухул Махфуздағы көптеген ілімдерді үйреткен. Көптеген нәрселердің хабарын берген. Басқа жаратылыстарына білдірмеген сырларды білдірген», – дегенді аңғартады. Құдай секілді барлық ілімді қамтып алған дегенді білдірмейді. Тіпті бізге Ләухул Махфуз бен Қаламның бар екенін де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып кеткен. Алла қаласа кез келген құлына Лаухул Махфуздағы және ғайып нәрселерді білдіре алады. Бұған дәлел Құранда Алланың өзі былай айтып қойған:
اًدَحَأ هِبْيَغ ىَلَع رِهْظُي اَلَف بْيَغْلا مِلاَع
«Ол ғайыпты (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді) білуші сосын бір Өзі ғана білетін ғайыптың сырын ешкімге ашпайды».
نِم كُلْسَي هَّنِإَف لوُسَّر نِم ىَضَتْرا نَم اَّلِإ
اًدَصَر هِفْلَخ نِمَو هْيَدَي نْيَب
«Тек Өзі разы болып, таңдаған елшісіне ғана ашады. Расында, Ол (Алла Өзінің шексіз ілімінен, ғайыптан келетін сырға титтей де жалған араласпау үшін) елшісінің алды-артына сақшы (періштелерді) қояды» (Жын сүресі, 26-27-аяттар).
Осылайша «Қасида Бурдада» ешқан- дай ширк жоқ екеніне және уахабилердің жалғаншы және жала жабушылар екеніне тағы да көзіміз жете түсті. Бұл «Қасида Бурда» арабша жазылғандықтан, оны кейбіреулері грамматикалық қателіктерді жіберіп оқып жатады. Араб тілін терең меңгермегендіктен, «мына жері қате» деп таяз ойлары және надандықтарымен үкім шығара салады.
Сондықтан Аюб әс-Сихтияни (Алла оны рақымына алсын) араб тілін жетік білмегендер жайлы былай деген:
قَدْنَزَت نَم ةَّماَع»:ُلوُقَي يِناَيِتْخِّسلا بوُّيَأ
«ِةَّيِبَرَعْلاِب مِهِلْهَجِل قاَرِعْلا لْهَأ نِم
«Ирактықтардың көпшілігінің дінбұзар болу себебі – араб тілін жетік білмеулерінде еді».
«Қасида Бурдаға» көптеген ға-лымдарымыз шарх (түсіндірме) жазған.«Қасида Бурдаға» жазылған шархтар мыналар:
- Халид ибн Абдулла әл-Әзһари (Тухфатул Латифа фи шархи уәл иғроби қасидати әл-Бурдати әш-Шәрифа)
- Қади Закария әл-Ансари (Әз-Зубдату әр-Роиқо фи шархи әл-Бурда)
- Ибн Ғаджиба (Әл-Ғумда фи шархи әл-Бурда)
- Ибн Хаджар әл-Хайтами (Әл-Ғумда фи шархи әл-Бурда)
- Әл-Баджури (Әл-Кауакибу әд-Дуррия фи шархи хойрил барийя)
Міне, осындай ғалымдар бұл «Қасидаға» шарх жазып жатқан кездерінде ешбірі мұнда ширк бар демеді. Ширк болса олар міндетті түрде айтып, адамдарды сақтандырар еді.
Бұл «Қасиданы» оқу арқылы бірнеше пайдаға қол жеткізуге болады:
- Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақын тани түсеміз.
- Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббатымыз арта түседі.
- Рухани жағынан өзгеруге көмектеседі.
- Жындар мен шайтаннан сақтануға болады.
- Амандықта сапар шегуге болады.
Осындай пайдаға толы еңбектерді ширкке шығаруға кімнің қандай хақысы бар екені түсініксіз. Сондықтан әрбір саналы азамат жат ағымның жақсылыққа апармайтынын жете ұғынып, сақтануы қажет.
Амангелді ЕМБЕРГЕНОВ, «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы