Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков жастармен жүздесіп, ашық әңгіме өрбітті.
Еркін форматта өткен басқосуда шаһар басшысы жастардың ұсыныс-пікіріне құлақ түрді. Жастар өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдады. Бақытжан Әмірбекұлы көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.