Жастар жат ағымнан аулақ болсын!

Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді.

Дегенмен қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр. Шетін көзқарасты діни ағымдардың кейбір жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын жойып, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында жанжал тудыру жағдаяттары орын алып келеді. Психология саласының мамандары адам баласының құбылыс екендігі, кез келген ортада психологиялық әрі әлеуметтік мәжбүрлікпен болған жағдайда, сол ортаның жалған идеяларына сіңісіп, ол идеяларды өте келе ақиқаттай көретінін алға тартады.
Мемлекет тарапынан дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді. Ал тәрбиелік мәселелерде мемлекет тарапынан өнер, қоғамдық салалы мекемелер арқылы жаңаша жолдарға ден қойып, қоғамдық институттар арқылы жастарды тәрбиелеу жолдары іске асырылуда.
Жастарды өзгеше ойлауға жол бермеу мүмкіндіктерінің бірі – спорттық және өнер орындарына тарту жұмыстары болмақ. Себебі қолы бос жастардың уақытты толтырудың ермегі әлеуметтік желілердегі теріс идеяларға байлану мен топтасу арқылы заңсыз әрекеттерге ұрыну жағдайларын туындататыны анық. Сондықтан мәдени және спорттық нысандарды салу жұмыстары елімізде қарқын алды.

Абзал ЕСІРКЕПОВ,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

Comments (0)
Add Comment