Жастар нашақорлыққа қарсы

Жуырда Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен кермеде (турник) және қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу бойынша жастар арасында «STREET WORKOUT» облыстық фестивалі ұйымдастырылды.

Шараға өңіріміздің әр аумағынан келген 100-ге жуық спортты жанына серік еткен жастар қатысты. Сайыс нәтижесінде кермеде (турник) тартылудан I орынды Нұрсұлтан Рахмет, II орынды Нұрхан Досай, III орынды Аман Қазанғапов еншіледі. Ал қос сырықтың (брусья) үстінде тартылудан Мұқасан Досан І орынға қол жеткізсе, Самат Шапибай II орынды, Дарын Қалабаев III орынды олжалады.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment