«Qazaqstan Team» республикалық жастар ұйымы активінің жиналысы өтіп, жұмыс жоспарлары және алдағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы сұрақтар қаралды.
Басқосу барысында «Qazaqstan team» республикалық қоғамдық жастар ұйымының активі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидатурасын ұсынды.
«Ол тәжірибелі мемлекеттік саясаткер. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған реформалар курсы бүгінгі күннің шындығына бұрынғыдан да сәйкес келеді, олар ұлттық қауіпсіздікті, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдеседі, білім беру саласына және барлық басқа салаларға әсер етеді», – деді Qazaqstan team республикалық қоғамдық жастар ұйымының басшысы Олжас Сүлейменов.
Құрмаш Қаптағай