Жастар есірткісіз болашақты таңдайды

Адамдар нашақорлық проблемалары туралы неғұрлым көп білсе, халықтың наркологиялық сауаттылығының соншалықты жоғары болары сөзсіз. Осы мақсатта Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында студенттермен кездесті.

Жүздесу барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарының, оның ішінде синтетикалық есірткілердің зияны және оларды қолдану салдарынан туындайтын зиянды тәуелділіктер, оның заңсыз айналымының жаңа түрлерінің алдын алуға және оларға қарсы тұруға бағытталған қылмыстық заңнаманың негізгі жаңалықтары туралы кеңінен айтып берді.
Кездесуге қатысушыларға есірткіге қарсы роликтер көрсетіліп, нашақорлық проблемасына олардың назарын аудару мақсатында әдістемелік құралдар таратылды.
Бүгінгі таңда есірткіге тәуелді адамдар есірткіні шегеді немесе иіскейді. Тиісінше жасөспірімдер арасында «мен ине салмаймын, сондықтан мен нашақор емеспін» деген түсінік қалыптасады. Алайда олардың әсері табиғи психотроптық заттарға қарағанда әлдеқайда күшті. Доза көлемін анықтау қиын, бұл көбінесе орны толмас өкінішке әкеп соғады.
Әсер ету дәрежесіне байланысты бұл заттар тұтынушылар арасында әртүрлі атаулар алған. Сонымен, темекі шегушілердің тілінде қолданудың алғашқы секундтарынан бастап ағзаға әсер ететін қоспалар «спидтер» деп аталады.
Марихуана мен басқа да есірткілерге ұқсас психоактивті әсері бар химиялық заттар мен басқа қоспаларды қосу, яғни «спайстарды» есірткі мен психотроптық заттардың ауыр түрлерінің аналогтары санатына жатқызады.
Спайстарды қолданудың клиникалық көріністері психикалық бұзылуды, шизофренияның пайда болуына әкеледі.
Сондай-ақ спикерлер есірткі өнімдерін сататын дәріханалар туралы айтып, жақын адамдардың арасында зиянды затты қолданатын адамды қандай белгілермен анықтау керектігін түсіндірді.
Дәл осындай кездесу М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті-нің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында да ұйымдастырылды. 200-ден астам студент қатысқан жиын барысында сала мамандары жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және олармен байланысты қылмыстардың салдары туралы айтып берді. Сондай-ақ есірткіге қарсы бейнероликтер көпшілікке ұсынылды. Кинологиялық қызмет орталығы көрсеткен иттердің есірткі іздеу және қылмыскерді залалсыздандыру дағдылары бойынша қойылымын жастар ерекше қызығушылықпен тамашалады.
– Кез келген ауруды емдеуден және оның салдарын жоюдан бұрын оның алдын алу тиімдірек. Сондықтан полиция департаментімен нашақорлықпен күресудің алдын алу шараларына көп уақыт бөлінеді. Бекітілген жоспар бойынша басқарма қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, білім беру ұйымдары оқушыларының қатысуымен кездесулер өткізеді. Іс-шаралар дәріс, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, конкурстар, кең көлемді акциялар, ашық есік күндері, есірткіге қарсы сипаттағы бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілімдері және психоактивті заттарға тәуелділіктің алдын алу бойынша қосымша материалдармен танысу сынды әртүрлі форматта ұйымдастырыла-ды, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткігі қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ал университет ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев жастардың назарын осындай маңызды мәселеге аудару және өскелең ұрпақты есірткі қолданудан қорғауға арналған іс-шараларды ұдайы өткізудің маңыздылығына тоқталды.
– Кез келген тыйым салынған заттар ерте ме, кеш пе, қайғылы салдарға әкеледі, содан кейін оны жоюға кеш болады. Ал осындай кездесулердің негізгі мақсаты – осының бәрін жастардың санасына сіңіру, – деді ол өз сөзінде.
Аталған жиындар жас буынның есірткісіз болашақты қалайтынын аңғартты.

Лаура Абайқызы

Comments (0)
Add Comment