Жастар есірткіге қарсы!

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Біз есірткіге қарсымыз!» және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша «Қылмысқа қарсы тұрайық!» атты кездесу өтті.

Жастар арасында өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жөнінде бекітілген жоспар бойынша өткен басқосуға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, Тараз қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Әділет Көбеев, Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айгерім Бекдилдаева және қалалық №1, №2, №3 Пробация қызметінің бөлімінде пробация есебінде тұрған 15 жас қатысты.
Басқосу барысында жастар көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment