Жастар даяшылыққа неге құмар?

Бүгінде жастар өршіл және бастамашыл дейміз. Себебі жас жігіттер де, қыздар да әртүрлі қызмет салаларында жұмыс істейді. Оқуға да уақыт табады. Кейде мейрамханаларда мектеп оқушыларының өзі даяшы болып жұмыс істеп жүргенін көп көреміз. Ал олардың даяшы болып жұмыс істегені дұрыс па? Неге басқа сала емес, нақ осындай жұмыстарды істеуші жас көп?

Сұраққа студент ретінде жауап іздеп көрдік. Облыс орталығында мейрамхана, одан қалса тамақтану орындары өте көп. Тіпті әрбір аяқ аттам жерде орналасса да той үзілмейді. Жастардың ең бірінші даяшы болып жұмымқа тұруының басты себебі осы. Жарнама агеттіктерінде де  осы вакансия тұрады. Сол себепті жұмыс табу бұл салада өте оңай. Тіпті ары қарай статусы да өсе береді.

Екіншісі, даяшы үшін сәтті немесе сәтсіз маусым жоқ.  Мәселен күзде көптеген үйлену тойлары мен банкеттерде жақсы ақша табады. Қыста барлық мекемелер жұмыс істейді, күннің суығында көбіне сырттан тамақтанады. Көктемде де жақсы. Жазда барлығы қыдырады. Осы сияқты жылдың төрт мезгілінде де жұмыс қыза түседі. Жұмыстан қысқарып қалу деген мәселе мүлде жоқ.

Үшіншіден, жалақы мәселесі. Иә, бұл салада күректеп ақша тауып жатқандар аз емес. Ең кемі бір тойда қызмет ету 2000 теңгені құраса, одан кейінгілер пайыздық үстемеме 7-10 мыңды құрайды. Бұл тек бір күндік ақы. Одан кейінгісін есептей беріңіз. Иә, тіпті әжептеуір офисте жұмыс істейтіндерден әлдеқайда көп табады.

Десе де мұнда да талай тер жатыр. Әсіресе студенттерге оңай емес. Күндіз оқуы, кешке жұмысы. Түннің жарымында шамамен 1-2 де үйіне қайтады. Азанда қайтадан сабаққа баруы тиіс. Мұндай кезде шаршаған жас оқуға онша ынтыға қоймас. Лектор қанша ақпарат берсе де миға қонбайды. Одан қалды кері байланыс үшін үй тапсырмасын да орындап үлгенмеуі мүмкін. Осындайда оқудан ақсап қалуы ғажап емес. Ендігілер қандай мамандықта оқып жатса да «Мен кейін диплом бойынша жұмыс істемеймін» деп дүрсе қояды. Себеп, лауазымды таза жұмыс болғанымен онда төменгі айлықтан бастап көтерілу керек. Біраз бастықтары болады. Есеп беру тағы бар. Сол себепті де даяшылық оларды ойландырып қояды. Себебі мынадай қызған бизнесті көріп, ақшаның буын сезінген соң өз кәсібін ашуды қалайды. Тағысы тағы бар дегендей. Десе де ешкім бұған шектеу қоя алмай. Бірақ ел болашыға жастар дейміз. Соларға сенім артамыз. Ал жастың басым бөлігінде мәселе ақшада. Себебі оқуының ақшасын төлеу үшін жұмыс істейді. Ал жұмыс істеген адамның фокусы басқаға ауады. Тиісінше білімді бойына толық сіңіре алмауы бек мүмкін. Өкінішті…

Айнұр ЖҰМАБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті

 

 

Comments (0)
Add Comment