«Жасанды интеллект – бастауыш сынып мұғалімінің цифрлық серіктесі» тақырыбында қалалық семинар өтті

«Келешек-Тараз» ғылыми интеллектуалдық мектеп – лицейі 2020-2021 оқу жылында бастауыш сынып мектебі ретінде негізі қаланып, 2021-2022 оқу жылынан бастап негізгі орта білім беретін, 2022-2023 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектеп ретінде жұмыс жасап келе жатыр.
2022-2023 оқу жылында 6 білім алушы, 2023-2024 оқу жылында 3 білім алушы, 2024-2025 оқу жылында 12 білім алушы «Алтын белгі» иегері атанды.
Мектеп-лицей қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі спорттық жарыстардан жоғары нәтежие көрсетуде. Сонымен қатар, пәнаралық олимпиададан жылына 30-дан аса білім алушылар жүлделі орындарға ие болуда.
Қазіргі таңда мектеп-лицейде 67 ұстаз, 933 білім алушы тәлім-тәрбие алуда.
Мектеп-лицей 2026 жылдың 18 ақпаны күні «Жасанды интеллект – бастауыш сынып мұғалімінің цифрлық серіктесі» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинарға келген ұстаздар домбыра үйірмесі жетекшісі мен шәкірттерінің әуезді күйлерімен қарсы алынды. Білім алушылардың қолөнер туындылары, робототехника үйірмесінің жетістіктері және «Гидропоника және микрожасыл» жобасының өскіндері қойылған көрмені тамашалады.
Семинардың мақсаты: мұғалімдерді жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстыру, сабақта оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету, цифрлық құзыреттілікті арттыру. Семинар бағдарламасы бойынша 4 ашық сабақ, 2 шебер – сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда, 1 «Ә» сыныбымен математика пәнінен «Шамаларды өлшеу» тақырыбында педагог-шебер санатындағы ұстаз Нартова Акмарал Пармбековна; 2 «Ә» сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен ««Тұсаукесер» жыры» тақырыбында педагог-модератор санатындағы ұстаз Абекова Нагима Абдумуминовна; 3 «Б» сыныбымен жаратылыстану пәнінен «Ғарыш қалай игерілді?» тақырыбында педагог-модератор санатындағы ұстаз Бауыржан Аружан Азатқызы; 4 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің жіктелуі» тақырыбында педагог-модератор санатындағы ұстаз Муратбекова Айгуль Султанмахмудовна ашық сабақ берсе, «Бастауыш сынып білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында педагог-модератор санатындағы ұстаздар: Сабеева Жанар Сайыповна мен Әшімхан Ардана Шәріпханқызы; «Жасанды интеллект құралдары – бастауыш сынып мұғалімінің көмекшісі» тақырыбында педагог-модератор санатындағы ұстаздар: Сарсенбиева Фарида Оразбековна мен Ерланова Балайым Ерланқызы шебер – сабақтарын өткізді. Шетел тілдері бірлестігі 4 – сыныптар арасында «Young Wizards of English» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шарамен семинарды қорытындылады.
Семинарға Тараз қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 54 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинарға келген ұстаздар бүгінгі іс-шараны жоғары деңгейде деп кері байланыс берді.

Comments (0)
Add Comment