Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліміздің және егемендігіміздің тарихын насихаттау мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының қатысуымен «Жасай бер, Қазақстаным!» медиа сағат өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен басталып, оқырмандарға Республика күнінің шығу тарихы, 2022 жылдың 16 шілдесінде Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысы және 29 қыркүйегінде Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлау туралы заңның күшіне енгендігі жайлы ақпараттар берілді.
Оқырмандар мерекеге орай патриоттық өлеңдер орындап, сұрақтарға белсене ат салысып, толыққанды жауап берді. Іс-шара соңында «Әлем таныған Қазақстан» кітап көрмесіне шолу жасалды.