Түркияда жас қыз бетіне күкірт қышқылын шашып, күйдірген жігітке үйленді. Бұл оқиға туралы Bild неміс басылымы жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
20 жастағы Берфин өзек Түркияның оңтүстік-шығысындағы Искендерун қаласында 2019 жылы шабуылдың құрбаны болды. Қышқылдан әдемі қыздың беті күйіп, қатты жарақаттанған. Содан бері оның бір көзі соқыр.
Қылмысқа кінәлі бұрынғы жігіті Казим Озон Селтик. Ол оны тастап кеткені үшін өш алмақ болған. «Егер сен мендік болмасаң, ешкімдікі болмайсың», – деді жас жігіт шабуылға дейін.
Бұл шабуылдан кейін Казим тұтқындалып, түрмеге жабылды. Сот қылмыскерді 13,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ жас жігіттің жолы болып, заңға енгізілген өзгерістер және коронавирустық пандемиямен күресу шаралары аясында ол мерзімінен бұрын шартты түрде босанып шықты.
Темір тордың артында отырған кезде жігіт өзінің бұрынғы қызына хат жазып, махаббатын білдіріп, кешірім сұрады. Бостандыққа шыққаннан кейін ол бірден қызға үйленуге ұсыныс айтқан.
Нәтижесінде Берфин өзініе шабуыл жасаған адамды кешіріп қана қоймай, оған үйленген. Бұл шешім қыздың отбасын шошытты.
«Ол біздің келісімсіз үйленді. Мен ол үшін жылдар бойы күресіп келдім, бірақ бәрі бекер болды», – дейді қыздың әкесі Ясар өзек.
Әлеуметтік желіде жас жұбайлар тарапына сын айтылды.
«Егер мені әлемдегі ең ақымақ адам кім деп сұраса, мен осы әйелді атар едім. Келесі жолы бұл адам қыздың терісін тірідей сыпырып алатын шығар», – деп жазды қолданушылардың бірі.