Жасөспірімдер жолдан таймасын десек…

Қазір өмірге көзқарасы толық қалыптаспаған жастар қылмысқа жиі баруда. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір суруі де ықпал етеді. Сондай-ақ мұның бір себебі отбасындағы берілген тәрбие, ата ананың балаға дұрыс көңіл бөлмеуінде де жатыр.

Қоғам көп жағдайда жасөспірімдердің құқықбұзушылық әрекеттерін ой-саналарының толық жетілмегендігімен байланыстырады. Сол себепті мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарына хабарланбай, тасада қалып жатады. Бұған әсер ететін факторлар өте көп. Олар – отбасындағы келеңсіз жайттар, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмыстардың өте аз жүргізілуі, материалдық жағдай, өздерің құқықтарын дұрыс білмеуі тағы басқа.
Жасөспірімдер арасындағы ұсақ құқықбұзушылықтар бүгінде кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық сынды ауыр қылмыстарға ұласып жатқаны белгілі. Мұның орны толмас өкінішке соқтыратыны айқын.
Жастар – еліміздің болашағы. Олардан мемлекетіміз зор үміт күтуде. Сондықтан олардың қылмысқа бармауын қоғам болып қадағалағанымыз жөн.

Наргиза Сейтназарова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment