Бүгінгі бала – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сондықтан олардың тәрбиесін талбесіктен бастап, кешенді шараларды қолға алғанымыз жөн. Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл бағытта «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өз құзыреті шеңберінде қала мектептері жоспарға сәйкес кешенді жұмыстар атқарып келеді.
Нақтырақ айтатын болсақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен тығыз жұмыс атқару бойынша мектептің әлеуметтік педагогтары Тараз қалалық полиция басқармасымен бірге зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізіп, бүгінгі күнде кезең-кезеңімен осал топтағы жанұяларға әлеуметтік, құқықтық кеңестер көрсетілуде.
«Ата-аналардың эмоционалды қажуының алдын алу» тақы-рыбында «Сенімен Болашақ» үкіметтік емес ұйымымен ата-аналарға психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
«Балаларды зорлық-зомбы-лықтан қорғау, бақытты балалық шақ» онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік барысында оқушылар өз шығармаларымен бөлісіп, эссе жазып, сурет салып, спорттық форматта іс-шараларға қатысты.
Жамбыл облысы полиция департаменті мен білім бөлімі арасындағы келісім аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын көтеру, профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізу үшін облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Кино орталығы» мемлекеттік мекемесіне құқықтық фильмдер көрсету экскурсиясы ұйымдастырылған. Алайда аталған кино орталығы әзірленген кестені аяғына дейін жеткізбей фильм көрсетілімін ақылы түрде етті. Осы орайда экскурсия жұмысы тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тарапынан бастау алған «Менің полициям» атты акциясына қаланың оқушылары белсене қатысты.
Акция барысында жүргізілген байқауға қала мектептерінен 50 білім алушының, қалған аудандардан 15 оқушының жұмыстары қабылдаудан өтіп, Тараз қаласының №№2,41,51,53 орта мектептерінен 9-оқушы мен 3-сынып жетекші жүлделі орындармен марапатталды. Барлығы Тараз қаласынан 3 мыңға жуық бала қатысқан болатын.
Жасалып отырған жұмыстар аз емес дегенмен, мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық, келеңсіз жағдайлар орын алуда. Мәселен, 2023 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Тараз қаласында жасөспірімдер тара-пынан 47 қылмыс жасалса, оның 12-сі мектеп оқушыларымен орын алған. Десек те, 2022 жылдық статистикасымен салыстырсақ, 25-тен 12 дерекке төмендеген.
12 қылмыс оқушылардың ұрлыққа бару, бөтенге дене жарақатын салу және бұзақылық қылмыстық әрекеттерін жасау деректерімен өткен.
Жамбыл облысында «Бала-ларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» Жол картасы бекітілген. Облыс әкімдігі, прокуратура және полиция департаменті тарапынан бірлескен жоспар. Осы Жол картасының 22-тармағын орындау аясында білім бөлімінде психологиялық-педагогикалық консилиум құру жоспарлануда. Бүгінгі күнде консилиумның Ережесі дайындалып, құрамына қамтылатын білікті мамандар мен психиатр, психологтар тізімі жасақталуда.
Күрделі жағдайларға тап болған кәмелетке толмағандардың мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарау және оған шешім шығару мақсатында білім бөлімінен арнайы бөлме ашылды.
Сонымен қатар ескі жүйеде сенім телефоны мен сенім жәшігінің орнына электронды немесе виртуалды байланыс орнату жүйесі қарастырылуда. Яғни мектептің педагог-психологтарының тұлға-лық ақпараты мен байланысы білім мекемесінің сайт ресурсында орналастырылады немесе мектеп ғимаратының ақпарат бөлігінде.
Қашықтан балаға қабылдау жасап, қажетті көмектерді онлайн форматта көрсететін болады.
Білім бөлімі Тараз қаласының прокуратурасымен бірге «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба шеңберінде әлеуметтік осал топтардағы балалардың тәрбие ортасы және тұрмыстық жағдайымен танысу арқылы отбасы қолайсыздығын анықтап, қоғамдық әлеуметтенуіне оңтайлы жағдай жасау, келеңсіз оқиғалардың алдын алу, қылмыс-тық жағдайларды ерте анықтау мақсатында үй аралау, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген санақ бойынша 1 935 отбасы және ондағы тәрбие-ленетін 2 285 баланың жағдайы зерделенді. Яғни 1 353 отбасы (оның ішінде 1 703 бала) сенімхатта тұрып жатқан, өгей әке-шешемен тұратындар және жайсыз жанұялар қаралды.
Сонымен қатар полиция бөлім-дерінде профилактикалық есепте тұратын 47 оқушының және 535 үйде оқытылатын білім алушының үй жағдайы тексерілді.
Бүгінгі күнде көмекті қажет ететін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған немесе қылмыстық жағдайлар жасалуы мүмкін 104 отбасы ондағы 148 баланың тізімі жасақталды.
Бұл тізім алдағы күндерде прокуратура және қала әкім-дігі жанындағы кәмелетке толма-ғандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қара-лып, тиісті шаралар қабылданады.
Қайрат Үкібасов,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің балалар құқықтары мен
мүдделерін қорғау секторының бас маманы