Аляскадағы Фэрбенкс қаласында көп балалы отбасынан шыққан 15 жасар жасөспірім үш ағасы мен әпкесін атып өлтірді. Болжам бойынша содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлерді оқ даусын естіген көршілер шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқ жарақаты бар төрт адамның мәйітін тапты.
Оқиға кезінде үйде болған тағы үш бала зардап шекпеген. Полицияның хабарлауынша, атыс болған кезде ата-анасы үйде болмаған.