Жас робототехниктер сайысы

Қазақ робототехникасы күннен-күнге қарқын алып, даму үстінде. Әсіресе мектеп оқушыларының бұл салаға деген қызығушылығы жоғары. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында робототехниканы меңгеру қолға алынғаннан кейін талантты жастарды бейімдеу, тың жобалар ұсыну үлкен маңызға ие болып отыр.
Соның жарқын дәлелі – жуырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 7-13 жас аралығындағы балалар арасында робототехникадан «VEX ROBOTECS» республикалық сайысына, 7-21 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «KazRobotics» облыстық байқауына іріктеу чемпионаттары өтті.
Шараның ашылуында институт ректоры Марат Баяндин сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«VEX ROBOTECS» сайысына еліміздің Астана, Алматы, Кызылорда, Шымкент қалаларынан келген 50 үміткер қатысса, «KazRobotics» байқауында 80 адам бақ сынады.
Жастарға робототехника саласында өз дағдыларын көрсетуге және шыңдауға зор мүмкіндік берген сайыстың жеңімпаздарына түрлі дәрежелі дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment