Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда

Жамбыл ауданы Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда. Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында қатты жауын-шашынның салдарынан Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖД-нен 51 адам, 4 бірлік техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында.

Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.

Comments (0)
Add Comment