Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылының аумағын және оған іргелес аумақтарды тексерді.
Қазіргі уақытта су деңгейі 40 см-ден 10 см-ге төмендеді. Суды айдау үшін елді мекеннің су басқан үйлерінің аумағында мотопомпалар жұмыс істеуде.
Тау бөлігіндегі көлбеу ағынды кері қайтару мақсатында 60-қа жуық техника жұмылдырылған.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары уақытша онлайн білім алатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде сағат шамамен 20.00-ден кейін толассыз жауын-шашынның салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласының аумағын, оның ішінде бір тұрғын үй мен уақытша құрылыс нысанына су кірген.
Адам шығыны жоқ. Мал өлімі фактілері тіркелген жоқ.