«Жас маман» жобасы аясында 171 млн теңге жымқырғандар ұсталды – ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Жамбыл облысында «Жас маман» жобасы аясында 171 млн теңгеден астам қаражаттың жымқырылғанын анықтады.

Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Тергеу жедел іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіледі. Олардың нәтижесі арқылы қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Comments (0)
Add Comment