Жас маманға – жаңа мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», – деп атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланды. Аталған бағыттағы ауқымды шаралар барлық өңірлерде қолға алынуда. Мұндай жұмыстардан Тараз қаласы да тыс қалған жоқ. Осыған орай Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Тараз қаласы бойынша мансап орталығы филиалы мен қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал ету және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгеруге ынталандыруға бағытталды.
Жәрмеңкеге екі қолға бір күрек іздеген 200-ге жуық азамат пен Тараздағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Онда 25 жұмыс беруші 100 бос жұмыс орны, оның ішінде 63 жұмысшы мамандықтар бойынша жұмыс ұсынылды. Бұдан бөлек, қатысушыларға кәсіптік бағдар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері таныстырылды.
Жалпы, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыруға және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұдан да өзге бірқатар шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Ұлжан КАЛЕНОВА,
«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ
Тараз қаласы бойынша мансап орталығы филиалы
жұмыс іздеушілерді қолдау секторының
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маманы

Comments (0)
Add Comment