Жас ғалым 17 миллион теңгеден астам грант ұтып алды

Білім және ғылым министрлігінің инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы конкурс өткізуді қолғалы біраз болған. 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды қаржыландыруға арналған конкурста М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Жанғазы Молдамұратов құны 17 миллион теңгеден асатын грантты ұтып алды.

– «Жас ғалым» грантық қаржыландыру конкурсына «Суару арналарын қайта құру мен жөндеудің кешенді технологиясын әзірлеу» атты жобамды ұсынған болатынмын. Жалпы құны — 17149120 теңгеден асатын грантқа қол жеткізіп отырмын, — деді Жанғазы Нұржанұлы.

Жас ғалымдарға қолдау көрсетілгенде ғана ғылым дамиды. Ғалымдардың қоғамдағы мәртебесін қайтарып, жас зерттеушілерге ізденуге мүмкіндік туғызып, жаңа жобаларын жүзеге асыру үшін қаржыландырмайынша, бәрі бекер.

Comments (0)
Add Comment