«Жарнама жасағандар жазалансын»: Mudarabah Capital-ға 20 млн салған әйел өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Журналист Ерқанат Көпжасар Instagram-дағы парақшасында қаржы пирамидасына бар ақшасын салған әйелдің өзін өртеп жіберген видеосын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Mudarabah Capital-ға 20 миллион салған әйел өзін өртеп жіберді. Ашынғаннан дауысым ащы шықты деген осы екен ғой» деп жазды ол.

Адам шошырлық көріністі көрген көпшілік түрлі пікір жазуда.

«Жарнама жасағандар жазалансын», «Құдай сақтасын», «Саларда не ойланған екен бұл әйел», «Сонша ақшаны оп-оңай қалай салады, түсінбеймін», «20 млнға бола өзін өртегені несі?» деп жазуда олар.

Comments (0)
Add Comment