Жарқынай Ханайым мұрнына пластикалық ота жасатты

Жарқынай Ханайым мұрнына пластикалық ота жасатты. Ол ринопластиканың көмегімен мұрнының пішінін өзгертті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Актриса пұшық мұрны үшін өзін ыңғайсыз сезінетінін, оны өзгерткісі келетінін бұған дейін де айтқан еді.

«29 жасыма дейін табиғи болып жүрдім. Өзіме ғашық еттім, әдемі қыз тудым. Енді өзім қалаған өзгерісті жасап, өзім үшін өмір сүргім келеді. Жаңа заманның мүмкіндігін неге қолданбасқа?» – деген еді актриса бір жазбасында.

Жарқынай Instagram-дағы парақшасында отаға дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады. Актриса жаңа мұрнына өзі риза екенін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Айгүл Иманбаеваның блефаропластикаға жүгінгенін жазған едік.

Comments (0)
Add Comment