Жануарларды стерилизациялау – қауіпсіздік кепілі

Бүгін Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде  ит пен мысықты стерилизация және кастрация жасау бойынша қалалық семинар өтті. Қанғыбас үй жануарларының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері және жұқпалы аурулардың тасымалдануынын алдын алуды мақсат еткен шараға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов, қалалық ветеринариялық станцияның басшысы Қанатбек Қартабаев және колледж білімгерлері қатысты,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Алғаш болып сөз алған Ербол Жұмабекұлы еліміздегі ветеринария саласының дамуына кеңінен тоқталды.

–  Ел арасында «Медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді», – деген сөз бар. Сондықтан да бұл саланың қоғамда алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің биылғы Жолдауында ветеринария саласына айрықша басымдық берген болатын. Сондықтан да осы саланың білікті мамандарын даярлау – алдымызда тұрған ауқымды міндеттердің бірі, – деген басқарма басшысы семинар жұмысына табыс тіледі.

Келесі кезекте Қанатбек Қадырұлы аталған басқосудың мән-маңызын тілге тиек етті.

Сонымен қатар семинар барысында білімгерлерге жануарларды кастраци және стерилизация жасау бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.

 

Comments (0)
Add Comment