Жанармай тапшылығы өзге тауарлар бағасына әсер етеді – Ұлттық банк

Қыркүйек айында үкімет әкімдікпен біріге отырып инфляцияға қарсы шараларды қолға алған еді. Нәтижесінде өткен айда баға көтерілу 0,8%-ға азайған болатын. Дегемен Ұлттық банк төрағасы жанармай тапшылығы өзге де тауарлар бағасына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігіStan.kz сайтына сілтеме жасап.

Билік Қазақстанда инфляция деңгейінің көтеріліп, қыркүйекте 8,9% тең болғанын мәлімдеген. Бұған тұтунышылық тауарлар мен ақылы қызмет, жалға берілетін пәтер бағасының қымбаттауы әсер еткен.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жанар-жағармай материалдары мен дәнді дақылдар бағасының өсуі инфляцияның тұрақтануына кедергі келтіреді.

«Дизель отынының қымбаттауы 3,8%-ға тең болды. Кей облыстарда бұл көрсеткіш 10%-дан асып кетті. Өндірістің артуы мен экспорттың тоқтауына қарамастан, дизель тапшылығы байқалады. Бұл инфляция деңгейіне ғана емес, өзге тауарлар бағасына да әсер етіп отыр», – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Comments (0)
Add Comment