Халықаралық жастар күніне орай ел алғысына бөленіп жүрген волонтер жастар кең көлемде қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мұрындық болуымен «Жан шуағы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Акцияға «Қайырымдылықтың қайыры бар» деген ұранмен жүрген ерікті жастарымыз атсалысып, іс-шараны ауқымды түрде өткізді. Сонымен қатар жиынға қаламыздың ең үздік медициналық орталықтары қатысты.
Акцияның басты мақсаты – орта топтағы көзі нашар көретін азаматтарға көмек қолын созу. Шара барысында 10 бүлдіршінге медициналық кеңес беріліп, «Estet Optic» орталығынан көзілдірік алуға сертификат табысталды.
Әмина Мұса