Жамылғы ретінде пайдаланған: Атырау облысында жерде жатқан ту қазақстандықтардың наразылығын тудырды

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында Қазақстан туы құрылыс материалдарының төбесіне жамылғы ретінде пайдаланылғаны көрсетілген видео таралды. Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов видеоға байланысты пікір білдірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрылыс материалдары жабылған маталы зат ҚР Мемлекеттік Туы емес, видео авторының пайымдауынша, адамдарды жаңылыстыра отырып, бұл ескі билбордтың көгілдір түсті бөлігі», – деп хабарлады Ербол Ермағамбетов.

Әкім матадағы суретті мұқият қарап, айырмашылықты байқауды сұрады.

Comments (0)
Add Comment