Жампоздарымыз алдына жан салмады

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен ХІІІ Халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер олимпиадасында жамбылдық үш оқушы жасындай жарқырады. Өрендеріміз командалық есепте жеке-дара топ жарды.

Сондай-ақ ұйымдастыру-шылар тарапынан өткізілген спорттық жарыста да жасөспірімдеріміз жеңіске жетті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың ішінен суырылып алға шыққан жампоздарымыз – Меркі ауданындағы В.Савва атындағы №9 мектеп-лицейдің оқушылары. Нақтылай айтқанда, Әмірқұл Әлішер ағылшын, математика пәндері бойынша бірінші және үшінші орындарды иеленсе, Жақсылық Данияр информатика пәні бойынша үшінші орыннан көрінді. Ал Османов Османпаша ағылшын-биология пәндері бойынша бірінші және үшінші орындарды қанжығалады.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Дедек Төлен

Comments (0)
Add Comment