Жамбылдық жампоздар – жеңіс тұғырында

Ақпан айының 6-7 аралығында Алматы қаласында өткен ҚР VI Жазғы спартакиадасында облысымыздың аға жаттықтырушысы Ғани Назымбековтің жетекшілігімен жерлестеріміз Әулиеатаның намысын қорғап қайтқан болатын. 4 жылда бір өтетін дүбірлі доданың нәтижесінде жампоздарымыз 127 ұпаймен жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Атап айтсақ, Олимпиада жеткіншіктерін даярлау орталығының өрені, спорт шебері Мұхтар Санжар 65 келіде алтыннан алқа тақса, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қуанышбай Нұрдәулет 75 келіде күміс медальға қол жеткізді. Бұған орталықтың білікті жаттықтырушылары Руслан Сексенбаев пен Ғани Назымбековтің сіңірген еңбегі зор екенін ерекше атап өткен абзал.
Жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Самал Ділдәбек,
Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері

Comments (0)
Add Comment