Жамбыл облыстық қан орталығында облыс тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық жабдық пайдалануға берілді.
Аталған құрылғы басты артықшылықтарының бірі – технологиялық процестердің толық стандартталуы, бұл адами факторды азайтып, дайын қан компоненттерінің қауіпсіздігін едәуір күшейтеді.
Сонымен қатар жабдық деректер алмасу және қашықтан мониторинг жүргізу мүмкіндігімен жабдықталған. Бұл жүйе жұмыс барысының сенімділігі мен үздіксіздігін арттырып, төтенше жағдайларда облыс тұрғындарын қанмен жедел қамтамасыз етуге жол ашады.
Жаңа буындағы жабдықты енгізу – Жамбыл облысындағы қан қызметін дамытудың стратегиялық маңызы бар қадамы және халықаралық стандарттарға толыққанды жақындаудың айқын дәлелі.