Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында ет және сүт өндіруді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы өзінің қажеттілігін дәлелдеді. 2019-2022 жылдары 18,3 млрд теңгеге 4 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда 2019-2022 жылдары 24 ауылдық округте 2019 жылмен салыстырғанда мал басы – 26 пайызға, ет өндірісі – 39 пайызға, сүт 19 пайызға ұлғайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 254 адамға азайды.
2023 жылы 10 аудандағы 38 округке 24млрд теңге бөлінді. Бүгінге 18,9 млрд теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар 24 млрд теңгеге 4,6 мың жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
2024-2025 жылдары 91 ауылдық округте 45 млрд теңгеге 17 мың жобаны несиелендіру жоспарлануда, – деді Е. Қарашөкеев.