Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруды ерікті түрде өткізуге шақыруда. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті таратқан арнайы хабарламада айтылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
«Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Егер сіз ұрланған қару, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білсеңіз, «102» тетігіне қоңырау шалуды немесе кез келген полиция бөліміне әкелуді сұраймыз.
Қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Анонимділікке кепілдік беріледі» –делінген хабарламада.