2022 жылдың 10-12 қазан аралығында облыс әкімдiгiнiң Тiлдердi дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тiл саясатын iске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті мемлекеттік қызметкерлер арасында «Қазтест» сертификаттық және диагностикалық тестiлеу өткiзiлуде.
Мемлекеттік қызметкерлердiң қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған сынаққа Жамбыл облысы Полиция департаментінен 40-тан астам қызметкер қатысты.
Жалпы шара басталғалы облыс бойынша 157 мемлекеттік қызметкер тестiлеуден өткен. Оның ішінде 16-сы өзге ұлт өкілдері.