Жамбылдық қол күресшілер үздіктер қатарында

Жуырда Түркияның Анталия қаласында ұйымдастырылған армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде облыс құрамасы 8 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.

Ел құрамасы сапында ересектер (ерлер және әйелдер) арасында Сандуғаш Сейдыш (50 кг) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Айгерім Қараманова (60 кг), Антонина Лисянская (+90 кг) және Мансұр Қамбаров (90 кг) екінші орынға ие болды.
Ал мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Нышаналы Сәнім (+55 кг) жастар буынында жеңімпаз атанса, Ерсен Станбек (55 кг) қолаға, ересектерде Ержігіт Рахымберді (85 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ жастар құрамасында Заурбек Бешлиоглы (70 кг), Раушан Жаналиева (+70 кг), Бибіжан Әжіғұл (55 кг), Гүлназ Керімбекқызы (70 кг), Айзат Саттарова (50 кг) Нұрбике Торгабай (45 кг) алтынмен апталса, Резан Хидиров (50 кг), Ақерке Оразғалиқызы (50 кг), Нұрсая Баймұрат (60 кг) күміс жүлдегер атанды. Әлем чемпионатының қола жүлдесі Аяжан Байзақ (70 кг) пен Мағжан Ерланұлына (+70 кг) бұйырды.
Айта кетейік, армрестлингтен әлем чемпионатына 57 елден 1 700-ден аса спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Comments (0)
Add Comment