Жамбылдық оқушылар халықаралық олимпиададан қола медаль қанжығалады

Ағымдағы жылдың 15-23 ақпан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен XVIII Халықаралық олимпиадада жамбылдық екі оқушы қола медель иеленді.

Облыстағы дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» лицей-интернатының базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша ұйымдастырылған білім додасында жерлестеріміз Салдан Ануар мен Сапыбек Дінмұхамед кіл мықтының арасынан оза шықты.

Ануар «Білім Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, Дінмұхамед биыл осы оқу орнының түлегі атанбақ.

Оқу озаттары осыған дейін де білім бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген облыстың мақтаныштары.

Сансызбаева Әсем
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment