Еліміздің шығыс өңірі Семей қаласында 10-14 қараша күндері қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионатының жүлделері сарапқа салынған болатын,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Байрақты бәсекеде 82 келіде Оңалбай Жұмадулла және 100 келі салмақта белдескен Айтбек Айбол чемпион атанса, Төлегенов Бекжан (60 кг) мен Мырзанов Нұрболат (66 кг) күміске қол жеткізді, сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қырғызбек Нұрлан үшінші орынға ие болды.
Ал, бұрымды боз кілем шеберлері сапында
Нұрмағамбетова Рауза (56 кг) және Балапанова Аяулым (70 кг) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Дүкенбай Гаухар (65 кг) және Аязбек Елизат (77 кг) екінші орынды қанағат тұтты, сонымен қатар Салимьянова Рамилия (56 кг) және Сағынбаева Мөлдір (67 кг) қола жүлдегер атанды.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы құрамасы командалық есепте топ жарды.